«Салауатты болашақ» жазғы арнайы сауықтыру лагері

2025 жылдың 2 маусымында Павлодар жоғары медициналық колледжінде «Салауатты болашақ» жазғы мамандандырылған медициналық лагері өз жұмысын бастады.

Мақсаты: мектеп оқушыларының ерте кәсіби өзін-өзі анықтауына жағдай жасау, колледждің медициналық мамандықтарына қызығушылықты қалыптастыру, негізгі арнайы білім мен дағдыларды дамыту, сонымен қатар оқуға мотивация және болашақ мамандығын саналы таңдау.

«Гигиена және денсаулық» атты алғашқы сабаққа №14 орта мектептің оқушылары қатысты.

Сабақ алдында балаларға Колледждің теориялық және практикалық ғимараттарына экскурсия жүргізілді.