2025 жылғы 18 наурызда «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша I-II курс студенттері арасында «Жұмысшы мамандықтар жылына» арналған «Үздік мейіргер» конкурсы өтті.
Конкурс екі кезеңде өтті – Визит карточкасы және WorldSkills стандарты бойынша практикалық дағдыларды көрсету.
Визит карточкаларын ұсыну кезінде қатысушылар өздері туралы шығармашылық презентациялар, бейнероликтер және тіпті әндер арқылы өздерін таныстырды.
Екінші кезең -4 жұмыс аймағын қамтиды-стационар, емхана, үйде күтім жасау және коммуникативтік дағдылар, манипуляцияларды бағалау бағалау парақтарының көмегімен жүргізілді.
Сарапшы ретінде бағалау үшін практикалық денсаулық сақтау саласының мейіргер ісі мамандары шақырылды:
Исакаева З.А., — «Павлодар ауданының емханасы» ШЖҚ-ғы КМК бас мейіргері;
Барлыкова Г. Б., — «Ғ. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы» ШЖҚ-ғы КМК бас дәрігерінің мейіргер ісі жөніндегі орынбасары;
Ибраимова Ш.Ж., — «Павлодар облыстық онкологиялық диспансері» ШЖҚ-ғы КМК бас дәрігерінің мейіргер ісі жөніндегі орынбасары;
Жұмажанова Б.К., — «Павлодар қаласының №3 емханасы» ШЖҚ-ғы КМК бас мейіргері;
Шушпаева А.Ш.,-«№1 Павлодар қалалық ауруханасы» ШЖҚ-ғы КМК бас дәрігерінің мейіргер ісі жөніндегі орынбасары
Конкурс жеңімпазы — 110 ҚБ тобының білім алушысы А. Мурзакаримова болды
Екінші орын — Плотнир Л., 110 қб
Үшінші орын — Бақбай А., 220 мс.
Барлық қатысушылар Сертификаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.