«Павлодар қаласының №5 емханасы« ШЖҚ-ғы КМК амбулаториялық-емханалық ұйымында «Жұмысшы мамандықтар жылы» шеңберінде медициналық бұрыш ұйымдастырылды.
2025 жылғы 27 наурызда «Павлодар медициналық жоғары колледжі» ШЖҚ-ғы КМК «Жұмысшы мамандықтар жылы» іс — шаралар жоспарына сәйкес «Павлодар қаласының №5 емханасы» ШЖҚ-ғы КМК амбулаториялық-емханалық ұйымында «Жұмысшы мамандықтар жылы» шеңберінде медициналық бұрыш ұйымдастырды.
«Мейіргер ісі» мамандығы бойынша білім алушылар Емхананың жұмысымен танысты, сондай-ақ Емханаға келушілерге қан қысымын өлшеуді жүргізді, кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ медициналық мамандықтар туралы айтылып, ақпараттық буклеттер таратылды.