Дөңгелек үстел: «Медициналық кәсіпте жетістікке жеткен белгілі тұлғалармен кездесу»

ШЖҚ «Павлодар жоғары медициналық колледжі» КМК кәсіпорнының «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясындағы іс-шаралар жоспарына сәйкес 2025 жылдың 28 наурызында «Медициналық кәсіпте табысқа жеткен белгілі тұлғалармен» дөңгелек үстел өтті.

Аталған іс-шараға шақырылғандар: Барлықова Гүлжамал Бейсембаевна – «Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы» ШЖҚ-ғы КМК директорының мейірбике ісі жөніндегі орынбасары

Байкетаева Магиля Қаирбаевна – «Павлодар ауданы №3 аудандық ШЖҚ-ғы КМК бас медбикесі:

Садыкова Жанар Женисовна -«Павлодар облыстық кардиологиялық орталығы» ШЖҚ-ғы КМК бас медбикесі.

Сонымен бірге, қатысушылар қатарында «Мейіргер ісі» мамандығының 1 курс студенттері де болды.

Кездесу барысында қонақтар студенттерді медицина саласында оқуын табысты жалғастыруға және одан әрі еңбек жолына шабыттандыратын құнды қоштасу сөздерін айтты.