«Ұстаздар күні»

1 қазан күні Павлодар медициналық жоғары колледжінде

Мұғалімдер күні мен техникалық және кәсіптік білім беру күніне арналған салтанатты шара өтті.

Колледж ұжымын Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы И.М. Шаметеков құттықтады. Өз сөзінде Иран Маратұлы колледж оқытушыларының еңбегінің маңызын атап өтіп, олардың еңбекқорлығы, өз ісіне адалдығы мен төзімділігі болмаса, бүгінгі жетістіктер мүмкін еместігін айтты.

Жоғары кәсібилігі, мамандығына адалдығы және денсаулық сақтау саласына кадрлар даярлауға қосқан елеулі үлесі үшін оқытушылар Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының Алғыс хаттарымен және «Senim» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Құрмет грамоталарымен марапатталды.

#біздіңТжКБ#нашеТиПО

 

 

Қосымша жаңалықтар

2026 жылғы 24 ақпанда клиникалық пәндер №1 ЦМК пәндік апталығы аясында арнайы пәндер оқытушысы Жеңісбеков А.А. «Емдеу ісі» мамандығының 310 тобының білім алушыларына «Терапиядағы жедел шұғыл көмек» пәні бойынша «Жедел аллергия» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

2026 жылғы 20 ақпанда санитарлық-гигиеналық, фармацевтикалық және стоматологиялық пәндер ЦМК пәндік апталығының қорытындысында арнайы пәндер оқытушылары Тауырбеков Т. Р. мен Торбаева С. К. 310-топ «Стоматология» мамандығы студенттері арасында «Үздік дантист» атты кәсіби байқау өткізді.