10 қазан күні колледждің акт залында Павлодар қаласы прокуратурасының өкілдерінің қатысуымен 1–2 курс студенттерімен кездесу өткізілді.

 

Дәрісті жүргізгендер:

* Оразалин Т.Е. — Павлодар қаласы прокуратурасы бөлімінің аға прокуроры

* Байзақов А.С. — Павлодар қаласы прокуратурасы бөлімінің прокуроры

Іс-шара барысында әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік, буллингтің, бұзақылықтың, ұрлықтың, есірткі құралдарының заңсыз айналымының, вандализмнің, көрінеу жалған шақырулардың, сондай-ақ қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішу мәселелері түсіндірілді.

Іс-шара құқықтық ағартушылықты қамтамасыз ету және білім алушылардың заң нормаларын сақтауға жауапкершілігін қалыптастыру мақсатында өткізілді.

Қосымша жаңалықтар

2026 жылғы 24 ақпанда клиникалық пәндер №1 ЦМК пәндік апталығы аясында арнайы пәндер оқытушысы Жеңісбеков А.А. «Емдеу ісі» мамандығының 310 тобының білім алушыларына «Терапиядағы жедел шұғыл көмек» пәні бойынша «Жедел аллергия» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

2026 жылғы 20 ақпанда санитарлық-гигиеналық, фармацевтикалық және стоматологиялық пәндер ЦМК пәндік апталығының қорытындысында арнайы пәндер оқытушылары Тауырбеков Т. Р. мен Торбаева С. К. 310-топ «Стоматология» мамандығы студенттері арасында «Үздік дантист» атты кәсіби байқау өткізді.