12 желтоқсанда «Жалпы практикадағы мейіргер» біліктілігі бойынша «Мейіргер ісі» мамандығында білім алатын студенттер арасында Халықаралық олимпиада өтті.

Іс-шара Халықаралық денсаулық сақтау қызметтеріне жаппай қол жеткізу күніне және Жұмысшы мамандықтары жылына орай ұйымдастырылды. Олимпиаданың мақсаты – медициналық колледж студенттерінің мейіргер ісі саласындағы кәсіби құзыреттілігін арттыру, сондай-ақ барлық халық топтарына медициналық көмектің сапасын қамтамасыз етудегі мейіргердің рөлінің маңыздылығын түсіндіру.

Олимпиадаға Қазақстан Республикасының медициналық колледждерінің студенттері, сондай-ақ жақын шетелдердің білім беру ұйымдары – Өзбекстан Республикасы (Әбу Әли ибн Сина атындағы Гиждуван қоғамдық денсаулық сақтау техникумы және 1 Республикалық техникум) мен Ресей Федерациясының оқу орындары (Тулун медициналық колледжі және Благовещен медициналық техникумы) қатысты. Барлығы олимпиадаға 168 студент қатысып, өз білімдері мен кәсіби дағдыларын көрсетті.

Олимпиада тәжірибе алмасуға, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және студенттердің кәсіби білімдері мен дағдыларын жетілдіруге деген ұмтылысын қолдауға арналған маңызды алаңға айналды.

Қосымша жаңалықтар

2026 жылғы 24 ақпанда клиникалық пәндер №1 ЦМК пәндік апталығы аясында арнайы пәндер оқытушысы Жеңісбеков А.А. «Емдеу ісі» мамандығының 310 тобының білім алушыларына «Терапиядағы жедел шұғыл көмек» пәні бойынша «Жедел аллергия» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

2026 жылғы 20 ақпанда санитарлық-гигиеналық, фармацевтикалық және стоматологиялық пәндер ЦМК пәндік апталығының қорытындысында арнайы пәндер оқытушылары Тауырбеков Т. Р. мен Торбаева С. К. 310-топ «Стоматология» мамандығы студенттері арасында «Үздік дантист» атты кәсіби байқау өткізді.