2025-2026 оқу жылына арналған циклдік коммисиялардың апталары

Әлеуметтік-экономикалық және жалпы кәсіптік пәндер ЦӘК.

17.11 Боравикова

Қоғамдық-гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндер бойынша әдістемелік апта аясында 2025 жылдың 17 қарашасында оқытушы Боровикова Н.В. «Психология негіздері және коммуникативтік дағдылар» пәні бойынша «Пациенттің ауруға реакция типін анықтау» тақырыбында 130 ф-ра тобында ашық ОСӨЖ сабағын өткізді. Сабақ барысында пациенттің ауруға эмоционалдық және мінез-құлықтық реакциясының негізгі модельдері, медициналық қызметкердің әртүрлі типтегі пациенттермен өзара әрекеттесу ерекшеліктері, сондай-ақ тиімді коммуникацияның практикалық тәсілдері қарастырылды. Студенттер жағдаяттық тапсырмаларды талқылауға белсенді қатысып, практикалық жұмыстар орындап, пациенттердің мінез-құлқын талдау дағдыларын көрсетті.

 

 

19.11 Байкенова

2025 жылғы 19 қарашада жалпы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндер циклі әдістемелік апталығы аясында дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Байкенова Р.Х. 120 ф-ра тобында «Баскетбол. Допты алып жүру техникасы» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақ барысында оқытушы жоғары кәсіби шеберлігін және әдістемелік шеберлігін көрсетті. Студенттер допты алып жүру техникасының негізгі элементтерімен танысып, допты бақылаудың және қозғалыстың әртүрлі тәсілдерін меңгерді, сондай-ақ үйлестіру, жылдамдық және баскетбол добын меңгеру дағдыларын дамытуға бағытталған жеке және командалық жаттығуларды орындады.

 

 

21.11 Алимуханова

Гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндер бойынша әдістемелік апталық аясында арнайы пәндер оқытушысы Алимуханова Б.Н. 310 мл тобы, мамандығы «Зертханалық диагностика» студенттермен «Микромир» үйірменің ашық отырысын өткізді.

Үйірме отырысы «Көрінбейтін жау: ЖИТС туралы шындық» тақырыбына ойын-көрініс түрінде креативті форматта өтті, бұл студенттердің оқу процесіне белсенді қатысуына және ауру туралы тұрақты білім қалыптастыруына ықпал етті. Тақырыпты бекіту үшін оқытушы цифрлық ойындарды пайдаланды, бұл қатысушыларға материалды интерактивті түрде меңгеруге және практикалық дағдыларын кеңейтуге мүмкіндік берді. Іс-шара қызықты және динамикалық өтті, оқытушының кәсіби шеберлігін және студенттердің белсенділігін көрсетті.

 

 

21.11 Калижан

Гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндер бойынша әдістемелік апталық аясында 2025 жылдың 21 қарашасында арнайы пәндер оқытушысы Калижан М.К. «Стоматология» мамандығының 110 дт тобында «Микробиология және вирусология» пәні бойынша ашық симуляциялық сабақты өтті. Сабақтың тақырыбы: «Анаэробты инфекция қоздырғыштары: газды гангрена, сіреспе, ботулизм».

Сабақ барысында студенттер анаэробты қоздырғыштардың ерекшеліктерін, олардың әсер ету механизмдерін, клиникалық белгілерін және қауіпті инфекциялардың алдын алу принциптерін зерделеді. Симуляциялық әдістерді қолдану теоретикалық білімді бекітуге және практикалық дағдылар мен икемдерді дамытуға мүмкіндік берді.

 

21.11 Сансызбай

Гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндер бойынша әдістемелік апталық аясында оқытушы Сансызбай А.Б. 140 ф-ра тобына «Генетика негіздерімен медициналық биология» пәні бойынша «Апоптоз бен некроз механизмдері туралы жалпы түсінік» тақырыбында ашық СРСП сабағын өткізді.

Сабақ барысында апоптоз бен некроздың негізгі механизмдері, олардың биологиялық маңызы, айырмашылығы және патологиялық үдерістердің дамуындағы рөлі талқыланды. Оқытушы «Joyteka»;«Socrative»; «Mentimeter» цифрлық құралдарды қолдана отырып, студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастырды, бұл оқу жағдайларын талдауға және тапсырмаларды орындауға мүмкіндік берді. Студенттер тақырыптың негізгі аспектілерін түсінгендерін көрсете отырып, белсенділік танытты.

 

 

Қосымша жаңалықтар

Контент-жоспардың 7-тармағына сәйкес 2025 жылғы 10–16 желтоқсан аралығында жас педагогтердің бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыруға және педагог мамандығының оң имиджін нығайтуға бағытталған «Мен ұстазбын! Мен Тәуелсіздік құрдасымын!» челленджі өткізілуде.