2025 жылғы 16 қазанда педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау қағидаларын түсіндіру бойынша семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты – педагогикалық құрамның аттестаттау талаптары, рәсімдері мен қызметті бағалау критерийлері жөніндегі хабардарлығын арттыру болды. Іс-шара барысында аттестаттаудың нормативтік-құқықтық негіздері, педагогтардың кәсіби қызметін бағалау критерийлері және біліктілік санаттарын беру тәртібі мәселелері қарастырылды.

Педагогтар аттестаттау үдерісі «Ұстаз» платформасында жүзеге асырылатыны туралы ақпарат алды. Бұл платформада қажетті құжаттар орналастырылып, өтінімдер қабылданады және аттестаттау кезеңдерінің барысы қадағаланады.

Қосымша жаңалықтар

2026 жылғы 24 ақпанда клиникалық пәндер №1 ЦМК пәндік апталығы аясында арнайы пәндер оқытушысы Жеңісбеков А.А. «Емдеу ісі» мамандығының 310 тобының білім алушыларына «Терапиядағы жедел шұғыл көмек» пәні бойынша «Жедел аллергия» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

2026 жылғы 20 ақпанда санитарлық-гигиеналық, фармацевтикалық және стоматологиялық пәндер ЦМК пәндік апталығының қорытындысында арнайы пәндер оқытушылары Тауырбеков Т. Р. мен Торбаева С. К. 310-топ «Стоматология» мамандығы студенттері арасында «Үздік дантист» атты кәсіби байқау өткізді.