2025 жылғы 5 қарашада облыстық «Бірыңғай әдістемелік сағат» аясында колледжде онлайн форматта гуманитарлық пәндер оқытушыларының «Болашақ маманды даярлау үдерісінде заманауи білім беру технологияларын қолдану» тақырыбында әдістемелік семинары өтті

Семинардың мақсаты – тәжірибе алмасу, ТжКББ гуманитарлық пәндер оқытушыларының педагогикалық тәжірибесін облыс деңгейінде тарату және қорыту. Семинар бағдарламасына сәйкес өздерінің педагогикалық тәжірибелерімен арнайы пәндер оқытушылары Ахитова Б.М., Досбергенова Б.М., Бенке О.А., Оспанова А.Н., сондай-ақ тарих және әлеуметтік-экономикалық пәндер оқытушысы Жакишева А.А. бөлісті.

Іс-шараға қатысушылар заманауи білім беру технологияларын енгізудің оқу үдерісінің тиімділігін арттыру мен болашақ мамандарды кәсіби даярлаудағы маңыздылығын атап өтті.

Қосымша жаңалықтар

2026 жылғы 24 ақпанда клиникалық пәндер №1 ЦМК пәндік апталығы аясында арнайы пәндер оқытушысы Жеңісбеков А.А. «Емдеу ісі» мамандығының 310 тобының білім алушыларына «Терапиядағы жедел шұғыл көмек» пәні бойынша «Жедел аллергия» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

2026 жылғы 20 ақпанда санитарлық-гигиеналық, фармацевтикалық және стоматологиялық пәндер ЦМК пәндік апталығының қорытындысында арнайы пәндер оқытушылары Тауырбеков Т. Р. мен Торбаева С. К. 310-топ «Стоматология» мамандығы студенттері арасында «Үздік дантист» атты кәсіби байқау өткізді.