2025 жылғы 8 қарашада колледжде онлайн форматта 1–2 курс топтарының ата-аналар жиналыстары өтті.

 

Кездесу тақырыптары:

  1. Білімалушылардыңсуицидтік мінез-құлқын алдын алу;
  2. Білімалушылардыңүлгерімінің алдын ала қорытындылары.

Жиналыс барысында оқу үдерісін ұйымдастыру, студенттердің үлгерімі мәселелері талқыланды.

Психолог Аммри З. С. жасөспірімдер мен жастар арасында деструктивті мінез-құлықтың алдын алу шараларымен, студенттердің эмоциялық әл-ауқатын сақтаудағы отбасының рөлімен таныстырып, мамандардың практикалық ұсынымдарын ұсынды.

Қосымша жаңалықтар

2026 жылғы 24 ақпанда клиникалық пәндер №1 ЦМК пәндік апталығы аясында арнайы пәндер оқытушысы Жеңісбеков А.А. «Емдеу ісі» мамандығының 310 тобының білім алушыларына «Терапиядағы жедел шұғыл көмек» пәні бойынша «Жедел аллергия» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

2026 жылғы 20 ақпанда санитарлық-гигиеналық, фармацевтикалық және стоматологиялық пәндер ЦМК пәндік апталығының қорытындысында арнайы пәндер оқытушылары Тауырбеков Т. Р. мен Торбаева С. К. 310-топ «Стоматология» мамандығы студенттері арасында «Үздік дантист» атты кәсіби байқау өткізді.