2025 жылдың 11–16 қыркүйегі аралығында Алматы қаласында облыстардың дәрігерлерінен құралған құрама командалар арасында республикалық футбол турнирі өтті.

Жарысқа Қазақстанның 20 облысынан командалар қатысты.
Жарыс бірнеше кезеңнен тұрды: топтық кезеңде 9 ұпай жинап, жеңіске жеткендер қатарында болды.
Біздің команда жоғары нәтижелер көрсетті:
• топтық кезеңде үш жеңіске қол жеткізді (Петропавл облысы — 4:1, Маңғыстау облысы — 3:1, Тараз — 2:1),
• ширек финалда Астана құрамасын жеңді,
• жартылай финалда көп мәрте чемпион болған Қарағандыны (1:0) ұтты.
Турнир қорытындысы бойынша команда 2-орынға ие болып, Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Колледжіміздің ерекше мақтанышы — команда құрамында өнер көрсеткен түлектеріміз:
• Роман Кине
• Қазезов Ернұр
• Төлеубай Насихат
• Бауыржан Сұлтан
Жігіттерді құттықтаймыз және спортта да, кәсіби қызметінде де табыс тілейміз

Қосымша жаңалықтар

2026 жылғы 24 ақпанда клиникалық пәндер №1 ЦМК пәндік апталығы аясында арнайы пәндер оқытушысы Жеңісбеков А.А. «Емдеу ісі» мамандығының 310 тобының білім алушыларына «Терапиядағы жедел шұғыл көмек» пәні бойынша «Жедел аллергия» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

2026 жылғы 20 ақпанда санитарлық-гигиеналық, фармацевтикалық және стоматологиялық пәндер ЦМК пәндік апталығының қорытындысында арнайы пәндер оқытушылары Тауырбеков Т. Р. мен Торбаева С. К. 310-топ «Стоматология» мамандығы студенттері арасында «Үздік дантист» атты кәсіби байқау өткізді.