2025 жылдың 14 қараша күні Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Альназарова А. Ш. төрағалығымен 2025 жылғы 13 қаңтардағы аппараттық кеңестің хаттамасына сәйкес, «2025 жыл – медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру жылы» бағдарламасы аясында колледждің 29 жас педагогі үшін «Медициналық білім берудің негіздері: оқытушыларға арналған базалық құралдар» тақырыбында оқу курстары өткізілді.

Курстардың мақсаты – педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерін дамыту, медициналық білім беру саласындағы теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын жетілдіру. Оқыту соңында тыңдаушылардың теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын меңгеру деңгейі бойынша қорытынды бақылау жүргізілді.

Біліктілікті арттыру курстарын Кемелова Гүлшат Сейтмұратқызы – «Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ симуляциялық және білім беру технологиялары орталығының директоры, қауымдастырылған профессор, медициналық білім беру саласындағы халықаралық сарапшы, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты, FAIMER халықаралық институтының түлегі, ДДҰ Еуропалық өңірлік зерттеу тобының мүшесі жүргізді.

Қосымша жаңалықтар

2026 жылғы 24 ақпанда клиникалық пәндер №1 ЦМК пәндік апталығы аясында арнайы пәндер оқытушысы Жеңісбеков А.А. «Емдеу ісі» мамандығының 310 тобының білім алушыларына «Терапиядағы жедел шұғыл көмек» пәні бойынша «Жедел аллергия» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

2026 жылғы 20 ақпанда санитарлық-гигиеналық, фармацевтикалық және стоматологиялық пәндер ЦМК пәндік апталығының қорытындысында арнайы пәндер оқытушылары Тауырбеков Т. Р. мен Торбаева С. К. 310-топ «Стоматология» мамандығы студенттері арасында «Үздік дантист» атты кәсіби байқау өткізді.