2025 жылдың 17 желтоқсаны күні Жоғары медициналық колледж кітапханасының оқу залында 110 емдеу ісі студенттерінің қатысуымен ғалым, тарих ғылымдарының докторы, көрнекті журналист, профессор Қалижан Нұрғожаұлы Бекхожиннің 115 жылдығына арналған шара ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында Диқан Әбілев атындағы кітапхана қызметкері оның өмір жолы, ғылыми еңбектері, журналистік қызметі және қоғамдық іс-әрекеттері кеңінен таныстырып өтті. Сонымен қатар, шарада ақын Қалижан Бекхожиннің ағасы, ғалым-тарихшы Қайыржан Бекхожинге арналған еске алу өлеңі оқылып, қатысушыларға бейнебаян арқылы оның шығармашылығы туралы толық мәлімет берілді.

Қосымша жаңалықтар

2026 жылғы 24 ақпанда клиникалық пәндер №1 ЦМК пәндік апталығы аясында арнайы пәндер оқытушысы Жеңісбеков А.А. «Емдеу ісі» мамандығының 310 тобының білім алушыларына «Терапиядағы жедел шұғыл көмек» пәні бойынша «Жедел аллергия» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

2026 жылғы 20 ақпанда санитарлық-гигиеналық, фармацевтикалық және стоматологиялық пәндер ЦМК пәндік апталығының қорытындысында арнайы пәндер оқытушылары Тауырбеков Т. Р. мен Торбаева С. К. 310-топ «Стоматология» мамандығы студенттері арасында «Үздік дантист» атты кәсіби байқау өткізді.