2025 жылдың 21 қарашасында «Мейіргер ісі» мамандығының “Мейіргер ісіндегі қолданбалы бакалавр” 210 УПб тобының жылдамдатылған оқу траекториясы бойынша курстық жұмыстарын қорғау өтті. Қорғауға 30 студент қатысты.

 

Бітірушілер «Денсаулық сақтаудағы өзекті мәселелер» тақырыбында жобаларын таныстырды. Жобалар мейіргерлік қызметіндегі қазіргі заманғы үрдістер мен қиындықтарды қамтыды, соның ішінде пациенттерге күтім сапасын жақсарту, аурулардың алдын алу, пациенттермен тиімді қарым-қатынас орнату және медициналық персоналдың жұмысында инновациялық технологияларды қолдану мәселелері қарастырылды.

Қосымша жаңалықтар

2026 жылғы 24 ақпанда клиникалық пәндер №1 ЦМК пәндік апталығы аясында арнайы пәндер оқытушысы Жеңісбеков А.А. «Емдеу ісі» мамандығының 310 тобының білім алушыларына «Терапиядағы жедел шұғыл көмек» пәні бойынша «Жедел аллергия» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

2026 жылғы 20 ақпанда санитарлық-гигиеналық, фармацевтикалық және стоматологиялық пәндер ЦМК пәндік апталығының қорытындысында арнайы пәндер оқытушылары Тауырбеков Т. Р. мен Торбаева С. К. 310-топ «Стоматология» мамандығы студенттері арасында «Үздік дантист» атты кәсіби байқау өткізді.