Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Ұлы халықтың ұлы Абайы» атты әдеби сазды кеші өтті.
2025 жылдың 08 қазаны күні Павлодар медициналық жоғары колледжінің акт залында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Ұлы халықтың ұлы Абайы» атты әдеби сазды кеші өтті. Іс-шара барысында қатысушылар Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайының қызметкерлері дайындаған арнайы бағдарламаны тамашалады. Филология ғылымдарының кандидаты, Марғұлан университетінің профессоры Әділбек Дәуітбекұлы Әміренов мырза Абай мұрасының құндылығы туралы қызықты деректерден мағлұмат беріп, айтыскер ақын Мизан Жұмәлі,Бұқар жырау музейінің қызметкері, дәстүрлі әнші Назымгүл Шапағат, музейдің өнер бөлімінің менгерушісі Сәуле Арығазинаның орындауларында:…