«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-қимыл» акциясы аясында 25.11.2025 күні колледжде Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күніне арналған «Зорлық-зомбылық – әлеуметтік мәселе» атты сынып сағаттары өткізілді.
Сабақ барысында гендерлік зорлық-зомбылық, адам құқықтары мәселелері талқыланып, мәселенің ауқымын көрсету мақсатында деректер мен статистикалық мәліметтер ұсынылды.