01.12 бастап Қаржы мониторингі академиясы – AML ACADEMY қаржылық қауіпсіздік бойынша «Qarjy saqshysy – Қаржы сақшысы» атты компьютерлік оқу ойынын (байқауын) ұйымдастырды. Бұл ойынға колледждің 1–2 курс студенттері қатысты.
Ойынның мақсаты – дұрыс ойлау қабілетін дамыту, қаржылық алаяқтықтың қауіптері мен тәуекелдерін анықтай білу, қаржылық сауаттылық бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыру, өз шешімдері мен әрекеттері үшін жеке жауапкершілікті тәрбиелеу.