Медициналық колледж студенттеріне арналған жарқын әрі көңілді Жаңа жылдық дискотека өтті.
Көңілді музыка, би және мерекелік көңіл күй қатысушыларға көтеріңкі көңіл сыйлады. Студенттерді Жаңа жыл мерекесімен оқу-тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Байгульжина Жазира Забировна құттықтап, денсаулық, оқуда табыс пен жаңа жетістіктер тіледі. Іс-шара барысында Жаңа жылдық лотерея ұйымдастырылып, студенттерге сыйлықтар таратылды. Сонымен қатар Жаңа жылдық квиз өткізіліп, қатысушылар өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті. Барлық студенттерге белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіреміз! Жаңа жыл құтты болсын!