2026 жылғы 17 ақпанда арнайы пәндер оқытушысы Ахитова Б.М. санитарлық-гигиеналық, фармацевтикалық және стоматологиялық пәндер ЦМК пәндік апталығы аясында «Түлектердің ментормен кездесуі» атты аудиториядан тыс іс-шара өткізді.

Іс-шара дөңгелек үстел форматында өтті.
Дөңгелек үстелдің мақсаты: жұмыс берушілердің кәсіби талаптарына сәйкес келетін түлек моделін қалыптастыру, сонымен бірге түлектерді жұмысқа орналастыру және жұмыс орындарында одан әрі бейімдеу бойынша білім беру ұйымы мен жұмыс берушілер арасындағы өзара іс-қимыл жүйесін қалыптастыру.
Шақырылған қонақ: Айғазинов Марат Ануарбекұлы – ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Павлодар облысы бойынша филиалының басшысы. Айғазинов М.А. өзі таныстырған мекеменің қызметі, мансаптық өсу мүмкіндіктері, біліктілікті арттыру туралы айтып өтті. Кездесу барысында жұмыс берушілермен ынтымақтастықты дамыту, өндірістік тәжірибеден өту, қосымша біліктіліктер мен жұмыс тәжірибесін алу мәселелері көтерілді. Сонымен қатар, болашақ мамандарда қалыптастыру қажет іскерлік және жеке тұлғалық қасиеттер талқыланды: бастамашылдық, жауапкершілік, ұйымдастырушылық, коммуникабельділік және т.б.

Қосымша жаңалықтар

2026 жылғы 24 ақпанда клиникалық пәндер №1 ЦМК пәндік апталығы аясында арнайы пәндер оқытушысы Жеңісбеков А.А. «Емдеу ісі» мамандығының 310 тобының білім алушыларына «Терапиядағы жедел шұғыл көмек» пәні бойынша «Жедел аллергия» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

2026 жылғы 20 ақпанда санитарлық-гигиеналық, фармацевтикалық және стоматологиялық пәндер ЦМК пәндік апталығының қорытындысында арнайы пәндер оқытушылары Тауырбеков Т. Р. мен Торбаева С. К. 310-топ «Стоматология» мамандығы студенттері арасында «Үздік дантист» атты кәсіби байқау өткізді.