2026 жылғы 17 ақпанда Павлодар медициналық жоғары колледжінің акт залында студенттерге терроризм мен экстремизмнің алдын алу тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізілді.

Кездесуді Дінаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының ақпараттық-түсіндіру бөлімінің лекторы Кульжибаев С. жүргізді. Ол экстремистік және террористік ұйымдарға қатысудың жауапкершілігін түсіндіріп, деструктивті құрылымдарға тарту белгілері туралы баяндады.

Іс-шараның мақсаты – жастарды заңсыз әрекеттерге тартылудан сақтандыру және құқықтық сауаттылықты қалыптастыру.

Қосымша жаңалықтар

2026 жылғы 03 наурызда клиникалық пәндер №2 ЦМК пән апталығы аясында арнайы пәндер оқытушысы Жұмағалиева А.К. білім алушылар мен ШЖҚ «Облыстық кардиологиялық орталық» КМК-ның бас мейіргері Садыкова Ж.Ж. қатысуымен «Кәсіби диалог» атты дөңгелек үстел өткізді.

2026 жылғы 26 ақпанда №1 клиникалық пәндер ЦӘК пәндік апталығы аясында Павлодар медициналық жоғары колледжі арнайы пәндер оқытушысы Адильбаева А.К. «Науқастың жағдайын клиникалық бағалау» пәні бойынша «Қолданбалы бакалавриат» біліктілігі «Мейіргер ісі» мамандығының 110 пб тобында «Кеуде қуысын қарау және пальпациялау техникасы» тақырыбында ашық симуляциялық сабақ өткізді.