Іс-шара «Өз мамандығымды мақтан тұтамын» тақырыбында дөңгелек үстел форматында ұйымдастырылды. «Фармация» мамандығының білім алушылары фармацевтикалық «Биосфера» ЖШС компаниясының өкілдері Усманова К.И. және Гордиенко А.В.-мен кездесіп, еркін пікір алмасу мүмкіндігіне ие болды. Кездесу барысында мамандар өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, қазіргі жұмыс берушілердің талаптары және фармацевтика саласындағы кәсіби даму мүмкіндіктері туралы айтып өтті.
Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – түлектер мен жұмыс берушілер арасында тиімді өзара іс-қимылды қалыптастыру, жас мамандардың кәсіби өзін-өзі анықтауына, жұмысқа орналасуына және кәсіби ортаға табысты бейімделуіне ықпал ету болды. Осындай кездесулер кәсіби мотивацияны қалыптастыруға және білім беру ұйымы мен жұмыс берушілер арасындағы тікелей байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.



