2026 жылғы 19 ақпанда арнайы пәндер оқытушысы Григоренко А. Г. санитариялық-гигиеналық, фармацевтикалық және стоматологиялық пәндер ЦМК пәндік апталығы аясында 210 «Фармация» тобында «Денсаулық формуласы» тақырыбында дегустация элементтерімен дебат форматында аудиториядан тыс іс-шара өткізді.

Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту, өз көзқарасын дәлелді түрде қорғау дағдыларын қалыптастыру және денсаулық үшін тағамдардың әртүрлілігінің маңызын түсіндіру болды.
Дебатқа төрт команда қатысты:
– «Иммун қорғаушылары»;
– «Арома-Шеберлер»;
– «Жеміс кемпірқосағы»;
– «Сұлулық пен күш».
Әр команда өз өнімдерінің пайдасын сенімді түрде дәлелдеді. Іс-шара белсенді әрі танымдық атмосферада өтіп, дұрыс және теңгерімді тамақтанудың денсаулықты нығайтудағы маңызды рөлін көрсетті.

Қосымша жаңалықтар

2026 жылғы 24 ақпанда клиникалық пәндер №1 ЦМК пәндік апталығы аясында арнайы пәндер оқытушысы Жеңісбеков А.А. «Емдеу ісі» мамандығының 310 тобының білім алушыларына «Терапиядағы жедел шұғыл көмек» пәні бойынша «Жедел аллергия» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

2026 жылғы 20 ақпанда санитарлық-гигиеналық, фармацевтикалық және стоматологиялық пәндер ЦМК пәндік апталығының қорытындысында арнайы пәндер оқытушылары Тауырбеков Т. Р. мен Торбаева С. К. 310-топ «Стоматология» мамандығы студенттері арасында «Үздік дантист» атты кәсіби байқау өткізді.