Іс-шараның мақсаты – студенттердің кәсіби даярлық деңгейін анықтау, бейіндік пәндер бойынша білімдерін бекіту және кәсіби құзыреттерін дамыту. Байқау барысында қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, кәсіби дағдыларын, таңдаған мамандығына деген қызығушылығын және кәсіби өсуге ұмтылысын көрсетті.
Осындай байқауларды өткізу болашақ мамандарды даярлау сапасын арттыруға және стоматология саласында бәсекеге қабілетті кадрларды қалыптастыруға ықпал етеді.


