Сабақтың мақсаты — білім алушыларда кенеттен пайда болатын аллергиялық реакциялар, соның ішінде анафилаксия мен Квинке ісінуі туралы теориялық білім мен практикалық түсініктерді қалыптастыру, сондай-ақ өмірге қауіп төндіретін осы жағдайларда жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету алгоритмін меңгерту болды. Сабақ барысында оқытушы заманауи цифрлық білім беру технологияларын және жасанды интеллект элементтерін тиімді қолданды. Білім алушылардың танымдық белсенділігін арттыру мақсатында оқу материалдарына жылдам қол жеткізу үшін QR-кодтар, білімді жедел тексеруге арналған ZipGrade жүйесі, бірлескен жұмыс пен талқылауға арналған Padlet интерактивті платформасы, интерактивті сауалнамалар жүргізуге арналған Wheel of Names сервисі және оқу материалын ойын түрінде бекітуге арналған Wayground платформасы пайдаланылды.



