2026 жылғы 26 ақпанда Медициналық жоғары колледждің акт залында «Киберқылмыс, алаяқтық және есірткі қылмыстары» тақырыбында профилактикалық кездесу өтті.

Іс-шараға құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты: полиция подполковнигі Рахимгожина Г.Н., полиция капитаны Фланчева М.А., полиция лейтенанты Тулкибек А.А., полиция лейтенанты Асылова К.М.

Полиция қызметкерлері білім алушыларға құқыққа қарсы әрекеттер үшін жауапкершілік шараларын және цифрлық ортадағы қылмыстарға қарсы іс-қимыл мәселелерін түсіндірді. Кездесу студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталды.

Қосымша жаңалықтар

2026 жылғы 03 наурызда клиникалық пәндер №2 ЦМК пән апталығы аясында арнайы пәндер оқытушысы Жұмағалиева А.К. білім алушылар мен ШЖҚ «Облыстық кардиологиялық орталық» КМК-ның бас мейіргері Садыкова Ж.Ж. қатысуымен «Кәсіби диалог» атты дөңгелек үстел өткізді.

2026 жылғы 26 ақпанда №1 клиникалық пәндер ЦӘК пәндік апталығы аясында Павлодар медициналық жоғары колледжі арнайы пәндер оқытушысы Адильбаева А.К. «Науқастың жағдайын клиникалық бағалау» пәні бойынша «Қолданбалы бакалавриат» біліктілігі «Мейіргер ісі» мамандығының 110 пб тобында «Кеуде қуысын қарау және пальпациялау техникасы» тақырыбында ашық симуляциялық сабақ өткізді.