Семинарға қатысушыларды оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Байгульжина Ж.З. құттықтау сөзбен қарсы алып, тақырыптың өзектілігі мен білім беру сапасын арттырудағы маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара аясында оқытушылар Оспанова А.Н. мен Досбергенова К.И. «ОСПЭ және ОСКЭ – кәсіби құзыреттерді бағалау құралдары» тақырыбында баяндама жасап, олардың білім алушылардың кәсіби дағдыларын объективті әрі практикалық тұрғыда бағалаудағы маңызды рөлін атап өтті. Сондай-ақ оқытушылар Бенке О.А. мен Григоренко А.Г. «Білім алушыларды аралық аттестаттауды ұйымдастыру: ережелер, талаптар және критерийлер» атты баяндаманы ұсынып, бағалауда бірыңғай тәсілдер мен ашық критерийлерді сақтаудың қажеттілігіне назар аударды.
Қорытынды кезеңде педагогтердің цифрлық құзыреттерін дамытуға бағытталған «Сабақтағы ЖИ: оқытуға арналған цифрлық құралдар» атты семинар-практикум өткізіліп, оны оқытушылар Жеңісбеков А.А. мен Ахитова Б.М. жүргізді.



