2026 жылғы 6 ақпанда Медициналық жоғары колледж студенттері Павлодар қаласы Полиция басқармасының қызметкері — полиция аға лейтенанты Коровин В.В.-мен кездесті.

Кездесу барысында, колледжде «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында, құқық бұзушылықтардың алдын алу, дропперлік, кибералаяқтық және интернеттегі қауіпсіздік мәселелері қарастырылды. Қатысушыларға қылмыстың өзекті түрлері және заңға қайшы әрекеттер үшін жауапкершілік түсіндірілді.

Қосымша жаңалықтар

2026 жылғы 24 ақпанда клиникалық пәндер №1 ЦМК пәндік апталығы аясында арнайы пәндер оқытушысы Жеңісбеков А.А. «Емдеу ісі» мамандығының 310 тобының білім алушыларына «Терапиядағы жедел шұғыл көмек» пәні бойынша «Жедел аллергия» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

2026 жылғы 20 ақпанда санитарлық-гигиеналық, фармацевтикалық және стоматологиялық пәндер ЦМК пәндік апталығының қорытындысында арнайы пәндер оқытушылары Тауырбеков Т. Р. мен Торбаева С. К. 310-топ «Стоматология» мамандығы студенттері арасында «Үздік дантист» атты кәсіби байқау өткізді.