2026 жылғы 12 ақпанда Павлодар медициналық жоғары колледжінің студенттері үшін Облыстық қан орталығының өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті: медициналық бөлім бойынша директордың орынбасары С.Б. Сыздықов және ГСК бойынша жауапты дәрігер М.Е. Каденова.
Іс-шара барысында колледждің оқытушылары мен студенттері арасында сүйек кемігін донорлау, оның әлеуметтік маңызы, донорлар регистріне тіркелу тәртібі және өтеусіз донорлық қозғалысты дамытудың маңыздылығы мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.