Бүгін, 17 ақпанда, «М. Жүсіп атындағы №__ жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де жыл сайынғы Мамандықтар жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде қаладағы оқу орындары өздерінің білім беру бағдарламалары мен мамандықтарын таныстырды.
Біздің колледжден кәсіби бағдар беруші Мутапова С.К., арнайы пәндер оқытушысы Күлбекова Ш.Ж. және студенттер қатысты. Олар мектеп оқушыларына даярлау бағыттары туралы айтып, оқу тәжірибелерімен бөлісті және болашақ мамандыққа қатысты сұрақтарға жауап берді.