25.02.2026 ж. клиникалық пәндер №1 ЦМК апталығы аясында «Гипертония мектебі» үйірмесінің жетекшісі Құлбекова Ш.Ж. «Артериялық гипертензияны емдеу және алдын алу» тақырыбында ашық отырыс өткізді.

Мақсаты: Пациенттердің артериялық гипертензияны емдеу мен алдын алудың заманауи тәсілдері туралы ақпараттану деңгейін арттыру және өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру. Мектеп тыңдаушылары медициналық білімі жоқ колледж қызметкерлері болып табылады. Тыңдаушыларға артериялық гипертензияны емдеу, асқынулардың алдын алу туралы қысқаша әрі қолжетімді түрде ақпарат беріліп, өзін-өзі бақылау дағдылары қалыптастырылды. Ақпаратты бекіту мақсатында үйірме мүшелері тыңдаушылармен интерактивті викторина өткізді. Сабақ барысында студенттер пациенттерді оқыту дағдыларын бекітті. Тыңдаушыларға артериялық гипертензияны емдеу және алдын алу бойынша жадынамалар таратылды.

Continue Reading25.02.2026 ж. клиникалық пәндер №1 ЦМК апталығы аясында «Гипертония мектебі» үйірмесінің жетекшісі Құлбекова Ш.Ж. «Артериялық гипертензияны емдеу және алдын алу» тақырыбында ашық отырыс өткізді.