2026 жылғы 26 ақпанда №1 клиникалық пәндер ЦӘК пәндік апталығы аясында Павлодар медициналық жоғары колледжі арнайы пәндер оқытушысы Адильбаева А.К. «Науқастың жағдайын клиникалық бағалау» пәні бойынша «Қолданбалы бакалавриат» біліктілігі «Мейіргер ісі» мамандығының 110 пб тобында «Кеуде қуысын қарау және пальпациялау техникасы» тақырыбында ашық симуляциялық сабақ өткізді.

  Сабақ барысында оқытушы оқыту бейнематериалын көрсетіп, симуляциялық манекенде кеуде қуысын қарау және пальпациялау әдістемесін іс-әрекеттер алгоритмін толық түсіндіре отырып көрсетті. Студенттер жұппен жұмыс жасап, практикалық дағдыларды пысықтады, алынған нәтижелерді талдап, мүмкін болатын қателерді анықтап, талқылады. Білімді бекіту мақсатында студенттердің клиникалық ойлауын, дербестігін және кәсіби сенімділігін дамытуға ықпал ететін интерактивті тапсырмалар мен ситуациялық есептер қолданылды. Өткізілген симуляциялық сабақ студенттердің жоғары белсенділігін көрсетті, практикалық құзыреттердің қалыптасуына және болашақ мейіргер мамандарын даярлау сапасын арттыруға ықпал етті.

Continue Reading2026 жылғы 26 ақпанда №1 клиникалық пәндер ЦӘК пәндік апталығы аясында Павлодар медициналық жоғары колледжі арнайы пәндер оқытушысы Адильбаева А.К. «Науқастың жағдайын клиникалық бағалау» пәні бойынша «Қолданбалы бакалавриат» біліктілігі «Мейіргер ісі» мамандығының 110 пб тобында «Кеуде қуысын қарау және пальпациялау техникасы» тақырыбында ашық симуляциялық сабақ өткізді.

2026 жылғы 26 ақпанда Медициналық жоғары колледждің акт залында «Киберқылмыс, алаяқтық және есірткі қылмыстары» тақырыбында профилактикалық кездесу өтті.

Іс-шараға құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты: полиция подполковнигі Рахимгожина Г.Н., полиция капитаны Фланчева М.А., полиция лейтенанты Тулкибек А.А., полиция лейтенанты Асылова К.М. Полиция қызметкерлері білім алушыларға құқыққа қарсы әрекеттер үшін жауапкершілік шараларын және цифрлық ортадағы қылмыстарға қарсы іс-қимыл мәселелерін түсіндірді. Кездесу студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталды.

Continue Reading2026 жылғы 26 ақпанда Медициналық жоғары колледждің акт залында «Киберқылмыс, алаяқтық және есірткі қылмыстары» тақырыбында профилактикалық кездесу өтті.