Мақсаты: Пациенттердің артериялық гипертензияны емдеу мен алдын алудың заманауи тәсілдері туралы ақпараттану деңгейін арттыру және өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру. Мектеп тыңдаушылары медициналық білімі жоқ колледж қызметкерлері болып табылады.
Тыңдаушыларға артериялық гипертензияны емдеу, асқынулардың алдын алу туралы қысқаша әрі қолжетімді түрде ақпарат беріліп, өзін-өзі бақылау дағдылары қалыптастырылды. Ақпаратты бекіту мақсатында үйірме мүшелері тыңдаушылармен интерактивті викторина өткізді. Сабақ барысында студенттер пациенттерді оқыту дағдыларын бекітті. Тыңдаушыларға артериялық гипертензияны емдеу және алдын алу бойынша жадынамалар таратылды.

