«Медициналық бұрыш -Жұмысшы мамандықтар жылы«
«Жұмысшы мамандықтар жылы» іс — шаралар жоспарына сәйкес 2025 жылғы 19 ақпанда ШЖҚ «Павлодар медициналық жоғары колледжі» КМК «Павлодар қаласының №3 Емханасы» ШЖҚ-ғы КМК амбулаториялық-емханалық ұйымында «Медициналық бұрыш- Жұмысшы мамандықтар жылын» ұйымдастырды.
«Емдеу ісі» және «Мейіргер ісі» мамандықтары бойынша білім алушылар емхананың жұмысымен танысты, сондай-ақ емханаға келушілерге қан қысымын өлшеуді жүргізді, кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ медициналық мамандықтар туралы айтылып, ақпараттық буклеттер таратылды.