«Денсаулық күні»

 

2025 жылғы 20 қыркүйекте КГП на ПХВ «Павлодар медициналық жоғарғы колледжінің» спорт алаңында 1-курс студенттері арасында жарқын спорттық мереке – «Денсаулық күні» өтті.

Мерекенің мақсаты – білім алушыларда салауатты өмір салтын ұстану қажеттілігін қалыптастыру және командалық рухты нығайту.

Спорттық жарыстарға 15 команда қатысты. Студенттер эстафеталар мен арқан тарту сайыстарында тапқырлықтарын, энергияларын және тамаша дене дайындығын көрсетті. Командалар жылдамдықта, күште және төзімділікте сынға түсіп, ерік-жігерін, табандылығын, мақсатқа жету талпынысын және ұжымшылдықты көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша әр команда лайықты номинациямен марапатталды.

Күн қызыққа, достыққа және қолдауға толы жағдайда өтті. Мұндай іс-шаралар студенттерді біріктіріп, денсаулықтарына қамқор болуға ынталандырады!

 

Денсаулық күніне арналған жарыстардың қорытындысы бойынша әр команда өзіне лайықты номинацияға ие болды:

  • 110 МС – ең динамикалық топ
  • 120 МС – ең көңілді топ
  • 130 МС – ең жігерлі топ
  • 140 МС – ең жылдам топ
  • 150 МС – ең креативті топ
  • 160 МС – күш пен табандылық
  • 110 қолданбалы бакалавр – ең жарқын топ
  • 110 ФРА – ең болашағы зор топ
  • 120 ФРА – «Спорт – бұл біз»
  • 130 ФРА – ең тату топ
  • 140 ФРА – «Спорттық рух»
  • 110 ДТ – ең спортшыл топ
  • 120 ДТ – «Колледж мақтанышы»

Қосымша жаңалықтар

2026 жылғы 24 ақпанда клиникалық пәндер №1 ЦМК пәндік апталығы аясында арнайы пәндер оқытушысы Жеңісбеков А.А. «Емдеу ісі» мамандығының 310 тобының білім алушыларына «Терапиядағы жедел шұғыл көмек» пәні бойынша «Жедел аллергия» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

2026 жылғы 20 ақпанда санитарлық-гигиеналық, фармацевтикалық және стоматологиялық пәндер ЦМК пәндік апталығының қорытындысында арнайы пәндер оқытушылары Тауырбеков Т. Р. мен Торбаева С. К. 310-топ «Стоматология» мамандығы студенттері арасында «Үздік дантист» атты кәсіби байқау өткізді.