«Алғыс алаңы»

«Алғыс алаңы» визуалды интерактивті жобасы аясында, ТжКББ жүйесі қызметкерлерінің мәртебесін арттыру мақсатында колледжде сұхбат жүргізілді.

Біз әрбір оқытушының колледжіміздің дамуына қосқан үлесі мен жетістіктерін айқын көрсетуді мақсат етеміз. Сұхбат барысында әңгімелесуші өз жөнінде қысқаша айтып, болашақ мамандарды қандай түрде көргісі келетінін бөлісті.

#біздіңТжКБ#нашеТиПО

Қосымша жаңалықтар

2026 жылғы 24 ақпанда клиникалық пәндер №1 ЦМК пәндік апталығы аясында арнайы пәндер оқытушысы Жеңісбеков А.А. «Емдеу ісі» мамандығының 310 тобының білім алушыларына «Терапиядағы жедел шұғыл көмек» пәні бойынша «Жедел аллергия» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

2026 жылғы 20 ақпанда санитарлық-гигиеналық, фармацевтикалық және стоматологиялық пәндер ЦМК пәндік апталығының қорытындысында арнайы пәндер оқытушылары Тауырбеков Т. Р. мен Торбаева С. К. 310-топ «Стоматология» мамандығы студенттері арасында «Үздік дантист» атты кәсіби байқау өткізді.