Алдағы аттестаттау шеңберінде арнайы пәндер оқытушысы. А. С. Мапитованың тәжірибесін жинақтау және тарату бойынша колледждің оқу-әдістемелік кеңесі

2025 жылғы 29 қаңтарда алдағы аттестаттау шеңберінде арнайы пәндер оқытушысы А.С. Мапитованың тәжірибесін жинақтау және тарату бойынша колледждің оқу-әдістемелік кеңесі өтті. А.С.Мапитова педагогикалық тәжірибені жинақтау кезінде «Медициналық колледж студенттерінің базалық құзыреттіліктерін дамытудағы дәлелді практиканың рөлі» тақырыбында баяндама жасады.

Қолданбалы бакалавриат студенттері арасында дәлелді мейіргерлік практиканы дамытудың проблемалары мен перспективалары көрсетілген зерттеу нәтижелерімен бөлісті. Сөз соңында «Мамандандырылған мейіргерлік күтім және дәлелді практика» пәні бойынша оқытушының студенттерге әзірлеген оқу-әдістемелік құралы көрсетілді.

Қосымша жаңалықтар

2026 жылғы 24 ақпанда клиникалық пәндер №1 ЦМК пәндік апталығы аясында арнайы пәндер оқытушысы Жеңісбеков А.А. «Емдеу ісі» мамандығының 310 тобының білім алушыларына «Терапиядағы жедел шұғыл көмек» пәні бойынша «Жедел аллергия» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

2026 жылғы 20 ақпанда санитарлық-гигиеналық, фармацевтикалық және стоматологиялық пәндер ЦМК пәндік апталығының қорытындысында арнайы пәндер оқытушылары Тауырбеков Т. Р. мен Торбаева С. К. 310-топ «Стоматология» мамандығы студенттері арасында «Үздік дантист» атты кәсіби байқау өткізді.