“Қамқорлық” фракциясының волонтерлері “Қарттар Үйіне” барды.

“Қамқорлық” фракциясының волонтерлері — “Емдеу ісі” мамандығы 120 тобынан Рыскидинова Жасмин, 23 тобынан Хуат Айдана, “Мейірбике ісі” мамандығының 160 тобынан Мельникова Майя “Қарттар Үйіне” барды.
Бару мақсаты -практикалық тәжірибе мен білім алу. Бару барысында тәжірибелі медицина мамандарының бақылауымен олар қан қысымын өлшеп, пациенттерге күтім жасап, әл-ауқат туралы сауалнамалар жүргізді. Бұл білім алушыларға практикалық дағдыларды игеруге, білімдерін тереңдетуге және егде жастағы пациенттерге эмпатия мен қамқорлықты дамытуға мүмкіндік берді.