Дәрісті жүргізгендер: * Оразалин Т.Е. — Павлодар қаласы прокуратурасы бөлімінің аға прокуроры * Байзақов А.С. — Павлодар қаласы прокуратурасы бөлімінің прокуроры Іс-шара барысында әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік, буллингтің, бұзақылықтың, ұрлықтың, есірткі құралдарының заңсыз айналымының, вандализмнің, көрінеу жалған шақырулардың, сондай-ақ қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішу мәселелері түсіндірілді. Іс-шара құқықтық ағартушылықты қамтамасыз ету және білім алушылардың заң нормаларын сақтауға жауапкершілігін қалыптастыру мақсатында өткізілді.