Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың Қазақстан тарихына деген қызығушылығын арттыру, танымдық белсенділігін дамыту және Тәуелсіз мемлекеттің қалыптасу тарихын зерделеу арқылы азаматтық бірегейлікті қалыптастыру.
Ойынға 120 ФРА, 130 ФРА және 140 ФРА топтарының студенттері қатысты.
Зияткерлік ойын бірнеше кезеңнен тұрды:
I тур – «Мен Қазақстан туралы не білемін?»
II тур – «Өз ойыным»
III тур – Капитандар сайысы
IV тур – Финал «Менің мақтанышым – менің Қазақстаным»
Қатысушылар өздерінің жоғары білімін, эрудициясын, командамен жұмыс істеу қабілетін және Отанға деген шынайы сүйіспеншілігін көрсетті.
Барлық қатысушыларға белсенділік танытқандары және еліміз тарихына қызығушылықтары үшін алғыс айтамыз!
