Қазақстан Республикасы колледждерінің студенттері арасында «Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП 100 студенті» республикалық конкурсына өтінімдер қабылдау ашылды.

Конкурс техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру (ТжКБ) ұйымдарының оқу, кәсіби, ғылыми, қоғамдық және шығармашылық қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізген 100 үздік студентін анықтауға және ынталандыруға бағытталған.

Конкурс үш кезеңде өткізіледі: ішкі, өңірлік және республикалық. Жеңімпаздар «OUTSTANDING STUDENTS AWARDS» ресми марапаттау рәсімінде марапатталады, сондай-ақ шеберлік сабақтары мен кәсіби даму бағдарламаларына қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Ұйымдастырушылар — Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі және жергілікті атқарушы органдар. Оператор — Talap КЕАҚ.

Қосымша жаңалықтар

2026 жылғы 24 ақпанда клиникалық пәндер №1 ЦМК пәндік апталығы аясында арнайы пәндер оқытушысы Жеңісбеков А.А. «Емдеу ісі» мамандығының 310 тобының білім алушыларына «Терапиядағы жедел шұғыл көмек» пәні бойынша «Жедел аллергия» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

2026 жылғы 20 ақпанда санитарлық-гигиеналық, фармацевтикалық және стоматологиялық пәндер ЦМК пәндік апталығының қорытындысында арнайы пәндер оқытушылары Тауырбеков Т. Р. мен Торбаева С. К. 310-топ «Стоматология» мамандығы студенттері арасында «Үздік дантист» атты кәсіби байқау өткізді.