Қазақстан Республикасы колледждерінің «ТОП 100 студенті» республикалық конкурсының ішкі іріктеу кезеңіне өтінімдер қабылдау ашық

Конкурс техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру (ТжКБ) ұйымдарының оқу, кәсіби, ғылыми, қоғамдық және шығармашылық қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізген 100 үздік студентін анықтау және көтермелеу мақсатында өткізіледі.

Ішкі іріктеу кезеңі 23 ақпан мен 26 мамыр аралығында өткізіледі. Әр колледжден өңірлік кезеңге 5 студенттен артық ұсынылмайды. Өтінімдер №107 әдістемелік кабинетте қабылданады.

Қосымша жаңалықтар

2026 жылғы 24 ақпанда клиникалық пәндер №1 ЦМК пәндік апталығы аясында арнайы пәндер оқытушысы Жеңісбеков А.А. «Емдеу ісі» мамандығының 310 тобының білім алушыларына «Терапиядағы жедел шұғыл көмек» пәні бойынша «Жедел аллергия» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

2026 жылғы 20 ақпанда санитарлық-гигиеналық, фармацевтикалық және стоматологиялық пәндер ЦМК пәндік апталығының қорытындысында арнайы пәндер оқытушылары Тауырбеков Т. Р. мен Торбаева С. К. 310-топ «Стоматология» мамандығы студенттері арасында «Үздік дантист» атты кәсіби байқау өткізді.