Бүгін, 17 ақпанда, «М. Жүсіп атындағы №__ жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де жыл сайынғы Мамандықтар жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде қаладағы оқу орындары өздерінің білім беру бағдарламалары мен мамандықтарын таныстырды.

Біздің колледжден кәсіби бағдар беруші Мутапова С.К., арнайы пәндер оқытушысы Күлбекова Ш.Ж. және студенттер қатысты. Олар мектеп оқушыларына даярлау бағыттары туралы айтып, оқу тәжірибелерімен бөлісті және болашақ мамандыққа қатысты сұрақтарға жауап берді.

Қосымша жаңалықтар

2026 жылғы 24 ақпанда клиникалық пәндер №1 ЦМК пәндік апталығы аясында арнайы пәндер оқытушысы Жеңісбеков А.А. «Емдеу ісі» мамандығының 310 тобының білім алушыларына «Терапиядағы жедел шұғыл көмек» пәні бойынша «Жедел аллергия» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

2026 жылғы 20 ақпанда санитарлық-гигиеналық, фармацевтикалық және стоматологиялық пәндер ЦМК пәндік апталығының қорытындысында арнайы пәндер оқытушылары Тауырбеков Т. Р. мен Торбаева С. К. 310-топ «Стоматология» мамандығы студенттері арасында «Үздік дантист» атты кәсіби байқау өткізді.