Бүгін біздің колледжде студенттердің құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесуі өтті:
- Павлодар қ. ПБ ЦОП ОМПС учаскелік полиция инспекторы — Смаилов М.К.
- Павлодар қ. ПБ ЦОП ООБ УИП капитаны — Адылбаев А.Б.
Әңгіме барысында оқу ордасында буллингтің алдын алу және оған жол бермеу мәселелеріне байланысты өзекті сұрақтар қарастырылды.
Қызметкерлер келесі негізгі тақырыптарды түсіндірді:
буллинг ұғымы, оның түрлері мен формалары;
«моббинг» пен «буллинг» ұғымдарының өзара байланысы;
білім беру мекемелеріндегі зорлық-зомбылық түрлері;
колледжде буллингтің пайда болуына ықпал ететін факторлар;
қорлаудың негізгі сипаттамалары;
буллингтің даму кезеңдері;
процеске қатысушылар үшін салдары;
қатысушылар арасындағы қарым-қатынас динамикасын сипаттайтын «буллинг сақинасы».
Жастар арасында мұндай көріністерді анықтау, жою және алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Құқық қорғау органдарының өкілдері көмекке уақытылы жүгінудің және студенттер, педагогтер мен ата-аналар арасындағы өзара әрекеттестік пен байланысын атап өтті.
