«Білім алмасу»

ТжКБ қызметкерлеріне арналған марафон аясында колледж студенттері ұстаздар үшін «Білім алмасу» атты 20 минуттық шағын шеберлік сағатын өткізді. Онда олар танымал бейнемонтаж жасау қосымшасын қолдану жолдарын, TikTok-ты дұрыс жүргізу тәсілдерін және басқа да пайдалы дағдыларды көрсетті. Бұл шара білімнің екіжақты үдеріс екенін байқатып, студенттер де өз ұстаздарын үйрете алатынын, сол арқылы құрмет пен ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтуға үлес қосатынын көрсетті.
#біздіңТжКБ#нашеТиПО

Қосымша жаңалықтар

2026 жылғы 24 ақпанда клиникалық пәндер №1 ЦМК пәндік апталығы аясында арнайы пәндер оқытушысы Жеңісбеков А.А. «Емдеу ісі» мамандығының 310 тобының білім алушыларына «Терапиядағы жедел шұғыл көмек» пәні бойынша «Жедел аллергия» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

2026 жылғы 20 ақпанда санитарлық-гигиеналық, фармацевтикалық және стоматологиялық пәндер ЦМК пәндік апталығының қорытындысында арнайы пәндер оқытушылары Тауырбеков Т. Р. мен Торбаева С. К. 310-топ «Стоматология» мамандығы студенттері арасында «Үздік дантист» атты кәсіби байқау өткізді.