Білім алушылар арасында буллингтің (қорлаудың) алдын алу бағдарламасын

Білім алушылар арасында буллингтің (қорлаудың) алдын алу бағдарламасын

«ДосболLIKE» тиімді енгізу сапасын қамтамасыз ету мақсатында

Балалардың әл-ауқаты ұлттық ғылыми-практикалық институты «Өркен»

2025 жылғы 30 қазан күні онлайн-семинар өткізді.

Семинарға оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Байгүлжина Ж.З., сондай-ақ колледж әкімшілігі мен топ жетекшілері қатысты.

Семинар барысында білім беру ортасында буллингтің алдын алу және оның алдын алу мәселелері қарастырылып, білім алушылар ұжымында қауіпсіз және қолайлы психологиялық ахуал қалыптастырудың заманауи тәсілдері талқыланды.

Қатысушыларға білім беру ұйымының қызметінде «ДосболLIKE» бағдарламасын іске асыру бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.

Қосымша жаңалықтар

Контент-жоспардың 7-тармағына сәйкес 2025 жылғы 10–16 желтоқсан аралығында жас педагогтердің бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыруға және педагог мамандығының оң имиджін нығайтуға бағытталған «Мен ұстазбын! Мен Тәуелсіздік құрдасымын!» челленджі өткізілуде.