Білім мен тәжірибе алмасудағы маңызды қадам: Томск делегациясының Павлодар сапары

2024 жылғы 17 қазанда «Павлодар медициналық жоғары колледжі» ШЖҚ КМК-ға Ресей Федерациясының Томск облысынан жұмыс сапарымен делегация келді. Сапардың мақсаты-білім беру және тәжірибе алмасу саласындағы бірлескен ынтымақтастық мәселелерін талқылау. Сапар барысында делегация өкілдеріне колледждің инфрақұрылымы, оқу кабинеттерін заманауи жабдықтармен жарақтандыру, симуляциялық сабақтарды оқытудың заманауи әдістері көрсетілді, бұл одан әрі ынтымақтастықты нығайтуға маңызды қадам болды. Кездесуді қорытындылай келе, екі тарап әрі қарай өзара іс-қимыл мен ынтымақтастыққа қызығушылық танытты. Томск делегациясының сапары медицина саласындағы халықаралық ынтымақтастық пен білім алмасуды нығайтудағы маңызды қадам болды.