«Бір шебер – жүз бейне»

«Бір шебержүз бейне» видеожобасы аясында колледж студенттері

«Медициналық биология және генетика» пәнінің оқытушысы, әлеуметтік-экономикалық және жалпы кәсіби пәндер ЦӘК төрайымы Байгулова Ш.Ш.-ның бір күні атты бейнематериал дайындады.

Шолпан Шакаримовна пәнді терең меңгерген, әдістемелік тұрғыдан сауатты маман. Ол сабақ мазмұнын инновациялық түрде ұйымдастырып, білім сапасын арттыру үшін заманауи білім беру технологиялары мен ресурстарын тиімді қолданады, сондай-ақ тартымды тәжірибелік сабақтар жасайды.

#біздіңТжКБ #біздіңШебер#нашеТиПО

 

Қосымша жаңалықтар

2026 жылғы 24 ақпанда клиникалық пәндер №1 ЦМК пәндік апталығы аясында арнайы пәндер оқытушысы Жеңісбеков А.А. «Емдеу ісі» мамандығының 310 тобының білім алушыларына «Терапиядағы жедел шұғыл көмек» пәні бойынша «Жедел аллергия» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

2026 жылғы 20 ақпанда санитарлық-гигиеналық, фармацевтикалық және стоматологиялық пәндер ЦМК пәндік апталығының қорытындысында арнайы пәндер оқытушылары Тауырбеков Т. Р. мен Торбаева С. К. 310-топ «Стоматология» мамандығы студенттері арасында «Үздік дантист» атты кәсіби байқау өткізді.