2026 жылғы 3 наурызда Павлодар медициналық жоғары колледжінің студенттеріне арналған акт залында «Не книжные закладки» және «Хулиганка» қысқаметражды фильмдерінің көрсетілімі өтті.

Көрсетілімнен кейін ұсынылған бейнематериалдар бойынша талқылау ұйымдастырылды. Талқылауға Павлодар қаласы Полиция басқармасының Әкімшілік полиция бөлімі ЮПТ инспекторы, полицияның аға лейтенанты Коровин В.А. қатысты. Кездесу барысында құқыққа қарсы әрекеттер үшін жауапкершілік, есірткі құралдарының заңсыз айналымы, сондай-ақ жастар арасындағы буллинг пен агрессивті мінез-құлық мәселелері қарастырылды. Іс-шара білім алушылардың құқықтық санасын қалыптастыруға және жауапты азаматтық ұстанымын дамытуға бағытталды.

Continue Reading2026 жылғы 3 наурызда Павлодар медициналық жоғары колледжінің студенттеріне арналған акт залында «Не книжные закладки» және «Хулиганка» қысқаметражды фильмдерінің көрсетілімі өтті.

2026 жылғы 03 наурызда клиникалық пәндер №2 ЦМК пән апталығы аясында арнайы пәндер оқытушысы Жұмағалиева А.К. білім алушылар мен ШЖҚ «Облыстық кардиологиялық орталық» КМК-ның бас мейіргері Садыкова Ж.Ж. қатысуымен «Кәсіби диалог» атты дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – тәжірибе алмасуға арналған ашық кәсіби диалог алаңын құру, клиникалық ойлауды қалыптастыру және кәсіби уәждемені дамыту. Кездесу барысында кәсіби қызметтің өзекті мәселелері, медициналық ұйымдағы жұмыс ерекшеліктері және…

Continue Reading2026 жылғы 03 наурызда клиникалық пәндер №2 ЦМК пән апталығы аясында арнайы пәндер оқытушысы Жұмағалиева А.К. білім алушылар мен ШЖҚ «Облыстық кардиологиялық орталық» КМК-ның бас мейіргері Садыкова Ж.Ж. қатысуымен «Кәсіби диалог» атты дөңгелек үстел өткізді.

2026 жылғы 02 наурызда клиникалық пәндер №2 ЦМК пәндік апталығы аясында арнайы пәндер оқытушылары Хурумова С.В. мен Аманжолова А.Ж. «Қысым астындағы интеллект» атты зияткерлік викторина өткізді.

Іс-шараның мақсаты – ойын технологияларын қолдану арқылы білім алушылардың «Анатомия және физиология» пәні бойынша білімдерін жүйелеу және тереңдету. Викторина блиц-сауалнама және ситуациялық тапсырмаларды шешу кезеңдерінен тұрып, білім алушылардың клиникалық ойлауын,…

Continue Reading2026 жылғы 02 наурызда клиникалық пәндер №2 ЦМК пәндік апталығы аясында арнайы пәндер оқытушылары Хурумова С.В. мен Аманжолова А.Ж. «Қысым астындағы интеллект» атты зияткерлік викторина өткізді.

2026 жылғы 26 ақпанда №1 клиникалық пәндер ЦӘК пәндік апталығы аясында Павлодар медициналық жоғары колледжі арнайы пәндер оқытушысы Адильбаева А.К. «Науқастың жағдайын клиникалық бағалау» пәні бойынша «Қолданбалы бакалавриат» біліктілігі «Мейіргер ісі» мамандығының 110 пб тобында «Кеуде қуысын қарау және пальпациялау техникасы» тақырыбында ашық симуляциялық сабақ өткізді.

  Сабақ барысында оқытушы оқыту бейнематериалын көрсетіп, симуляциялық манекенде кеуде қуысын қарау және пальпациялау әдістемесін іс-әрекеттер алгоритмін толық түсіндіре отырып көрсетті. Студенттер жұппен жұмыс жасап, практикалық дағдыларды пысықтады, алынған нәтижелерді талдап, мүмкін болатын қателерді анықтап, талқылады. Білімді бекіту мақсатында студенттердің клиникалық ойлауын, дербестігін және кәсіби сенімділігін дамытуға ықпал ететін интерактивті тапсырмалар мен ситуациялық есептер қолданылды. Өткізілген симуляциялық сабақ студенттердің жоғары белсенділігін көрсетті, практикалық құзыреттердің қалыптасуына және болашақ мейіргер мамандарын даярлау сапасын арттыруға ықпал етті.

Continue Reading2026 жылғы 26 ақпанда №1 клиникалық пәндер ЦӘК пәндік апталығы аясында Павлодар медициналық жоғары колледжі арнайы пәндер оқытушысы Адильбаева А.К. «Науқастың жағдайын клиникалық бағалау» пәні бойынша «Қолданбалы бакалавриат» біліктілігі «Мейіргер ісі» мамандығының 110 пб тобында «Кеуде қуысын қарау және пальпациялау техникасы» тақырыбында ашық симуляциялық сабақ өткізді.

2026 жылғы 26 ақпанда Медициналық жоғары колледждің акт залында «Киберқылмыс, алаяқтық және есірткі қылмыстары» тақырыбында профилактикалық кездесу өтті.

Іс-шараға құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты: полиция подполковнигі Рахимгожина Г.Н., полиция капитаны Фланчева М.А., полиция лейтенанты Тулкибек А.А., полиция лейтенанты Асылова К.М. Полиция қызметкерлері білім алушыларға құқыққа қарсы әрекеттер үшін жауапкершілік шараларын және цифрлық ортадағы қылмыстарға қарсы іс-қимыл мәселелерін түсіндірді. Кездесу студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталды.

Continue Reading2026 жылғы 26 ақпанда Медициналық жоғары колледждің акт залында «Киберқылмыс, алаяқтық және есірткі қылмыстары» тақырыбында профилактикалық кездесу өтті.

25.02.2026 ж. клиникалық пәндер №1 ЦМК апталығы аясында «Гипертония мектебі» үйірмесінің жетекшісі Құлбекова Ш.Ж. «Артериялық гипертензияны емдеу және алдын алу» тақырыбында ашық отырыс өткізді.

Мақсаты: Пациенттердің артериялық гипертензияны емдеу мен алдын алудың заманауи тәсілдері туралы ақпараттану деңгейін арттыру және өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру. Мектеп тыңдаушылары медициналық білімі жоқ колледж қызметкерлері болып табылады. Тыңдаушыларға артериялық гипертензияны емдеу, асқынулардың алдын алу туралы қысқаша әрі қолжетімді түрде ақпарат беріліп, өзін-өзі бақылау дағдылары қалыптастырылды. Ақпаратты бекіту мақсатында үйірме мүшелері тыңдаушылармен интерактивті викторина өткізді. Сабақ барысында студенттер пациенттерді оқыту дағдыларын бекітті. Тыңдаушыларға артериялық гипертензияны емдеу және алдын алу бойынша жадынамалар таратылды.

Continue Reading25.02.2026 ж. клиникалық пәндер №1 ЦМК апталығы аясында «Гипертония мектебі» үйірмесінің жетекшісі Құлбекова Ш.Ж. «Артериялық гипертензияны емдеу және алдын алу» тақырыбында ашық отырыс өткізді.

2026 жылғы 24 ақпанда клиникалық пәндер №1 ЦМК пәндік апталығы аясында арнайы пәндер оқытушысы Жеңісбеков А.А. «Емдеу ісі» мамандығының 310 тобының білім алушыларына «Терапиядағы жедел шұғыл көмек» пәні бойынша «Жедел аллергия» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты - білім алушыларда кенеттен пайда болатын аллергиялық реакциялар, соның ішінде анафилаксия мен Квинке ісінуі туралы теориялық білім мен практикалық түсініктерді қалыптастыру, сондай-ақ өмірге қауіп төндіретін осы жағдайларда жедел…

Continue Reading2026 жылғы 24 ақпанда клиникалық пәндер №1 ЦМК пәндік апталығы аясында арнайы пәндер оқытушысы Жеңісбеков А.А. «Емдеу ісі» мамандығының 310 тобының білім алушыларына «Терапиядағы жедел шұғыл көмек» пәні бойынша «Жедел аллергия» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Қазақстан Республикасы колледждерінің «ТОП 100 студенті» республикалық конкурсының ішкі іріктеу кезеңіне өтінімдер қабылдау ашық

Конкурс техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру (ТжКБ) ұйымдарының оқу, кәсіби, ғылыми, қоғамдық және шығармашылық қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізген 100 үздік студентін анықтау және көтермелеу мақсатында өткізіледі.…

Continue ReadingҚазақстан Республикасы колледждерінің «ТОП 100 студенті» республикалық конкурсының ішкі іріктеу кезеңіне өтінімдер қабылдау ашық

Қазақстан Республикасы колледждерінің студенттері арасында «Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП 100 студенті» республикалық конкурсына өтінімдер қабылдау ашылды.

Конкурс техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру (ТжКБ) ұйымдарының оқу, кәсіби, ғылыми, қоғамдық және шығармашылық қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізген 100 үздік студентін анықтауға және ынталандыруға бағытталған. Конкурс…

Continue ReadingҚазақстан Республикасы колледждерінің студенттері арасында «Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП 100 студенті» республикалық конкурсына өтінімдер қабылдау ашылды.

2026 жылғы 20 ақпанда санитарлық-гигиеналық, фармацевтикалық және стоматологиялық пәндер ЦМК пәндік апталығының қорытындысында арнайы пәндер оқытушылары Тауырбеков Т. Р. мен Торбаева С. К. 310-топ «Стоматология» мамандығы студенттері арасында «Үздік дантист» атты кәсіби байқау өткізді.

Іс-шараның мақсаты – студенттердің кәсіби даярлық деңгейін анықтау, бейіндік пәндер бойынша білімдерін бекіту және кәсіби құзыреттерін дамыту. Байқау барысында қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, кәсіби дағдыларын, таңдаған мамандығына деген қызығушылығын және…

Continue Reading2026 жылғы 20 ақпанда санитарлық-гигиеналық, фармацевтикалық және стоматологиялық пәндер ЦМК пәндік апталығының қорытындысында арнайы пәндер оқытушылары Тауырбеков Т. Р. мен Торбаева С. К. 310-топ «Стоматология» мамандығы студенттері арасында «Үздік дантист» атты кәсіби байқау өткізді.