Дін мәселелері жөніндегі Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелерімен кездесуі өтті.

2024 жылғы 07 қарашада Колледж қабырғасында 1 курс білім алушыларының дін мәселелері жөніндегі Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелерімен кездесуі өтті.

РАТТ мүшелері болашақ дәрігерлерге діни экстремизм мен терроризм идеяларының қауіптілігін түсіндірді. РАТТ құрамында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, білікті теологтар, дінтанушылар, психологтар бар.
Білім алушылар алдында Павлодар қаласының Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының директоры Гүлназ Мақсұтқызы Раздыкова және Абай облысының дін проблемаларын зерттеу орталығының директоры сөз сөйледі.
Білім алушыларға бейнероликтер көрсетілді.